Фото: Ortalyq.kz
Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық өз бастауын алды. Айтулы мереке жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді. Биыл бұл күн 14 қыркүйекке сәйкес келеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы институтын нығайтуға, ата-ана мен бала арасындағы байланысты арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мәдени, білім беру және әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылады.
🔹 8 қыркүйек – «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру»
🔹 9 қыркүйек – «Отбасын жоспарлау»
🔹 10 қыркүйек – «Саналы ата-ана»
🔹 11 қыркүйек – «Дені сау ұрпақ»
🔹 12 қыркүйек – «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі»
🔹 13 қыркүйек – «Отбасылық әл-ауқат»
🔹 14 қыркүйек – «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция»
Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен өтетін апталық аясында көрмелер, конференциялар, отбасылық фестивальдер мен кездесулер өткізіліп, қоғамда отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау көзделген.
