10 мау, 2024 сағат 16:52

Қазақстанда орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылады

Сурет: ашық дереккөз

Ашық НҚА порталында "Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы" заңды мәжілістің қарауына енгізу туралы үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл шартқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресейдің бірінші басшылары биылғы қаңтарда қол қойған еді. Құжатта халықаралық ұйымның қандай жұмыстармен айналысатыны және қалай қаржыландырылатыны жазылған. Ұйымға мүше елдердің үлестік жарналары мен ерікті жарналары және ұйым қызметі аясында бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлетін қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үлестік жарнаның мөлшері құжатта нақтыланбаған.

Ұйымның ресми және жұмыс тілі – орыс тілі. Ұйымды бас хатшы басқарса, ал хатшылық Ресей Федерациясының Сочи қаласында орналаспақ.