Қазақстандық өнеркәсіп өнімдерін шығарушы кәсіпорындар бағаны ағымдағы жылдың бес айында (2019 жылдың желтоқсанынан бастап 2020 жылдың мамыр айы) 19,5 пайызға төмендеткен.
Кен өндіру өнеркәсібінің бағалары 36 пайызға, өңдеуші өнеркәсіп – 0,2 пайызға төмендеді. Өнеркәсіп өнімдері 21,7 пайыз арзандаған, өнеркәсіп сипаттағы қызмет көрсету 2,9 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Статистика комитеті.
«Өткен айдың ішінде мазут өндіруші кәсіпорындардың бағалары 50,7 пайыз, мұнай - 46,7 пайыз, сұйытылған пропан мен бутан - 23,2 пайыз, бензин - 10,5 пайыз, дизель отыны 6,8 пайыз төмендесе, металл рудаларының бағалары - 12,3 пайызға, табиғи газ - 5,3 пайызға, көмір - 1,3 пайызға көтерілген. Мырыш бағасы 16,7 пайыз, қорғасын - 11,6 пайыз, алюминий - 9,4 пайыз, мыс - 6,3 пайыз, қара металдар прокаты - 3,6 пайызға төмендеді, асыл металдар бағасы 11,8 пайызға артқан», - деп хабарлады комитеттен.
Жарма өндірушілерінің бағалары 9,6 пайыз, бидай ұны - 8,8 пайыз, қарабидай ұны - 5,7 пайыз, мал еті - 6,8 пайыз, құс еті - 2,3 пайыз, шай - 6,4 пайыз, макарон өнімдері - 5,5 пайыз, күріш - 5,1 пайыз, қант - 4,9 пайыз, сүт өнімдері - 3,4 пайыз, күнбағыс майы – 3 пайыз, нан - 2,8 пайыз көтерілген.