Фото: Pexels.com
Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында еліміздегі меймандарды орналастыру орындары 7,8 миллион қонақты қабылдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4% артық, деп хабарлайды Ult.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, туристер ең көп тоқтаған өңірлер:
-
Алматы – 1,8 млн адам,
-
Астана – 1,1 млн адам,
-
Алматы және Ақмола облыстары – әрқайсысы 530 мың адам.
Қонақтардың 48,6%-ы мейрамханасы бар қонақүйлерді таңдаса, 27%-ы мейрамханасы жоқ қонақүйлерде орналасқан. Ал 14%-ы коттедждер, шағын үйлер мен пәтер түріндегі орындарды таңдаған.
Келушілердің ішінде 13,9% – шетел азаматтары. Шетелдік қонақтардың 53,6%-ы Қазақстанға жеке мақсатпен, қалғаны іскерлік сапармен келген. Елімізге ең көп келгендер – Ресей (333,3 мың), Қытай (182,7 мың) және Үндістан (93,4 мың) азаматтары.
Қазақстанда қонақтарды орналастырумен айналысатын 4 499 объекті жұмыс істейді. Онда жалпы 95 035 нөмір бар.
Қаңтар–қыркүйек айларында тұру орындарының көрсеткен қызмет көлемі 268 млрд теңгеге жеткен.
