23 қыр, 2020 сағат 08:16

Қазақстанда компьютер және оптикалық құрылғылар өндірісі 23 пайызға төмендеді

Қазақстанда компьютерлердің, электронды және оптикалық өнімдердің өндірісі 23,3 пайызға кеміген, деп хабарлайды energyprom.kz.

Жалпы елде электронды өнеркәсіп саласын ынталандырып, алдағы 3 жылда оның көлемін 8,5 есе арттыру жоспарда бар. Әйтсе де, 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында компьютерлердің, электронды және оптикалық өнімдердің өндірісі 13,2 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,3 пайыз төмендеген. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 77,6 пайызды ғана құраған. 

Мәліметтерді салыстырсақ, 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында сектордағы өндіріс көлемі 38,5 млрд теңгеге жетіп, оның алдындағы ұқсас кезеңнен қарағанда 13,4 пайыздық өсімге жеткен еді. 

«Жалпы бұл саладағы бүкіл өндірістің төрттен үш бөлігі үш аймаққа тиесілі: Алматы (7 млрд тг), Нұр-Сұлтан (1,4 млрд тг) және Солтүстік Қазақстан облысы (1,2 млрд тг). Секторда «LG Electronics Almaty» АҚ (электронды детальдар өндіріс), «Логиком» АҚ (компьютерлер мен и перифериялық құрылғылар өндіріс), «Сайман корпорациясы» ЖШС (электр тоғын есептеудің электронды құрылғысы), «Орион-система» ЖШС (сымсыз мәлімет таратуға арналған модульдер) секілді ірі компаниялар жұмыс істейді», - делінген ақпарат көзінде. 

Дегенмен анықтаушы цифрлық көліктердің өндірісі 1,8 есе өсіп, олардың 7,9 мың данасы өндірілген. Бірақ электронды және оптикалық құрылғы өндірісінің басқа секторлары құлдырап тұр. 

Мәселен телевизиялық приемниктардың өндірісі 1,8 есе( 30,6 мың данаға дейін), электр қуатын есептеуіштердің өндірісі 31,9 пайызға (144,4 мың дана), физикалық басқа да бақылау құрылғылары 5,4 есе, 4,4 мың данаға дейін азайған.