Фото: primeminister.kz
Қазақстанда көлік салығы қалады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Көлік салығы талқыланып жатқан жоқ. Ол қалады", - деді министр мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі кейбір автокөлік иелерін көлік салығынан босатуды ұсынды.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын бензин акцизінің құнына ауыстыру нұсқасы талқыланып жатқанын мәлімдеген болатын. Көлік салығын қозғалтқыш көлемі 3,5-4 литрге дейінгі автомобильдер үшін алып тастау көзделген еді.