30 шіл, 2025 сағат 17:58

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны артты

Фото: Restolife.kz

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы елімізде 16 674 қоғамдық тамақтану орны тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артық (2023 жылы – 15 826 нысан), деп хабарлайды Ult.kz.

Қоғамдық тамақтану орындарының ең көп саны тіркелген өңірлер:

  • Алматы қаласы – 2 427 мекеме,

  • Астана қаласы – 2 252 мекеме,

  • Қарағанды облысы – 1 333 мекеме.

Нысан түрлері бойынша өсім мынадай:

  • Мейрамханалар – 2 358 (2023 жылмен салыстырғанда +55 бірлік),

  • Асханалар – 5 618 (+4,3%),

  • Кафелер – 5 202 (бір жылда 16,1%-ға артқан, 2023 жылы – 4 479).

Ең көп мейрамхана орналасқан өңірлер:

  • Астана – 524,

  • Алматы – 446,

  • Ақтөбе облысы – 161.

Кафелер саны бойынша көшбасшылар:

  • Астана – 643,

  • Алматы – 618,

  • Қарағанды облысы – 589.

2024 жылы тамақтану және сусын ұсыну бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 1,5 трлн теңгеге жеткен.