11 қыр, 2020 сағат 08:55

Қазақстанда IT саласы бойынша көрсетілген қызметтер құны 6 айда 150 млрд теңгеден асты

Ақпараттық технологиялар саласындағы кеңес беру және тәжірибелік қызмет көрсету көлемі бір жылдың ішінде шамамен бес есе өскен. Бұл туралы energyprom.kz сайты хабарлады.

Компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ кеңес беру және осыған ұқсас қызметтер құны 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 153,5 млрд теңгені құраған – бұл өткен жылмен салыстырғанда 38,9 пайызға көп. 

Бұл салада қызмет көрсету көлемінің өсуі бесінші жыл қатарынан байқалып отыр. 

Сектордағы қызмет көрсету көлемінің 90-ға жуық пайызы Қазақстанның екі бас қаласы – Алматы (69,5 млрд тг) мен Нұр-Сұлтанда (68,1 млрд тг) тіркелген. 

Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда, қызмет көрсету көлемінің айтарлықтай өсімі байқалған: Нұр-Сұлтанда 23,1 млрд тг, ал Алматыда — 17,8 млрд тг. 1 млрд жуық теңгеге жылдық өсім сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында тіркелген.