Қазақстанда ірі 14 нысан 61 млрд теңгеге сатылды. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сатуға ірі 21 нысан қойылған. Оның ішінде Ұлттық холдинг бойынша - 19, республикалық меншік бойынша 2 нысан. Олардың ішінде қазіргі уақытта 14 нысан сатылды және «ҚазМұнайГаз» бен «Қазақстан темір жолының» IPO-сының аясында 7 нысан өткізілді», - деді министр.
Атап айтқанда, оның дерегінше, республикалық меншік бойынша 2 денсаулық сақтау «ҚазМедТех» АҚ пен «ҚазМедорталық» АҚ сатылды. Квазимемлекеттік сектор бойынша 12 компания сатылып кетті. Активтерді сатып алушылар қатарында тиісті салаларда тәжірибесі бар трансұлттық ірі компаниялар бар. Мысалы KTZE-KHORGOS GATEWAY 49 пайызыы Shanhai Investment & Development Company Ltd COSCO Container Linesке, «Локомотив Құрастыру Зауыты» АҚ-ның 50 пайызы GE Transportation Engines Holding B.V., «Электровоз Құрастыру Зауыты» ЖШС-ның 50 пайызы француздық Alstom ірі машина жасау компаниясына сатылды.
«Ірі нысандардың жалпы сатылу бағасы 61 млрд теңгені құрады. Бұл олардың баланстық құнынан 20 пайызға жоғары», - деді Тимур Сүлейменов.