- Аталған қаржы ұйымының Қазақстандағы бөлімшесінің жетекшісі Джанет Хекман xанымның айтуынша, келесі жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі өсетін болады, деп xабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Өз сөзінде банк өкілі Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанда барлық салаларды қаржыландырып жатқанын жеткізе отырып: "Сол себепті басқа xалықаралық ұйымдар мен донорлық компанияларға қарағанда, біз осы елдегі жағдайды жақсы білеміз. Бүгінде біз баспасөз беттерінде сан алуан болжамдарды оқып жүрміз. Дегенмен, біздің экономистер болашаққа оптимистік көзқараспен қарап отыр. Біздіңше, бүгінде Қазақстан мұнай-газ саласындағы экономикалық құлдырау кезеңінен өтті. Мемлекет аталған сынақты сәтті еңсере білді. Сондықтан биыл ішкі жалпы өнім шамамен 0,7 пайызға өседі деген болжам бар. Ал келесі жылы ол көрсеткіш 2,4 пайызға көтеріледі. Біздің есебімізге сәйкес, қазіргі кезде инфляция өзінің шарықтау шегіне жетті. Енді, ағымдағы жылдың аяғына дейін, сосын келесі айда ақша мен активтердің айналымы қалыпты деңгейге оралады», - деп атап өтті.
Айта кетейік, Астанада өтіп жатқан «Қазақстан: Жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» тақырыбындағы конференция аясында еліміздегі үздік инвесторларды марапаттау рәсімі өтті.