Фото: Pexels.com
Enbek.kz электронды еңбек биржасының мәліметінше, 2025 жылдың шілдесінде жұмыс берушілер 104,8 мың бос жұмыс орнын ұсынған. Бұл маусыммен салыстырғанда 4%-ға аз. Ал түйіндемелер саны, керісінше, 34%-ға өсіп, 147,8 мыңға жетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Қай өңірлерде жұмыс орындары артты?
Шілде айында бос орындар санының айтарлықтай өсуі мына өңірлерде байқалды:
-
Алматы облысы – +28% (4,2 мың бос орын)
-
Қызылорда облысы – +20% (2,8 мың бос орын)
-
Алматы қаласы – +20% (7,9 мың бос орын)
-
Солтүстік Қазақстан облысы – +17% (4,7 мың бос орын)
Ең көп қысқару Жамбыл (-57%) және Түркістан (-45%) облыстарында тіркелді.
Сұраныс жоғары салалар
Жұмыс берушілер бос жұмыс орындарының басым бөлігін келесі салаларға ұсынды:
-
Білім беру – 20 мыңнан астам бос орын
-
Қызметтің әртүрлі түрлерін көрсететін ұйымдар – 16,5 мың
-
Денсаулық сақтау – 10,6 мың
-
Өңдеу өнеркәсібі – 7,7 мың
Бұл төрт саланың үлесі жалпы бос жұмыс орындарының 57%-ын құрайды.
Ең көп ізделген мамандықтар
Шілдеде жұмыс берушілер арасында мына мамандарға сұраныс ерекше жоғары болды:
-
Мейіргерлер – 2,2 мың бос орын
-
Тәрбиешілер – 1,9 мың бос орын
-
Автокөлік жүргізушілері – 1,8 мың бос орын
Біліктілік талаптары
-
Жоғары білікті жұмысшылар – 32,9 мың бос орын (31,4%)
-
Біліктілігі жоқ жұмысшылар – 44,3 мың (42,3%)
-
Орташа білікті мамандар – 27,6 мың (26,3%)
Жалақысы жоғары мамандықтар
Ең жоғары жалақы күтетін үміткерлер:
-
Ұшқыш – 1,8 млн теңгеден
-
Сынақ және жабдықты реттеу бөлімінің бастығы – ~1,5 млн теңге
-
IT саласындағы техникалық директор – ~1,4 млн теңге
Нақты секторда ең жоғары жалақы ұсынатын бос орындар:
-
Тау-кен өнеркәсібіндегі учаске басшысының орынбасары – 756 мың теңге
-
Учаске басшысы – ~747 мың теңге
-
Бас құрылысшы – ~668 мың теңге
