16 мам, 2024 сағат 17:18

Қазақстанда екі партияны тіркеуге рұқсат берілмеді

Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанда тіркеу сатысында тұрған партиялар бар ма? Бұл сұраққа Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген. Дәл қазір Әділет министрлігінде қаралып жатқан жаңа саяси партиялардың өтініштері жоқ. Бірақ биылғы жылдың басынан бері Әділет министрлігіне саяси партиялар құру туралы үш хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы белгіленген тәртіпте қаралды. Біреуі қолдау тапты — Yntymaq партиясы. Қалған екеуі бойынша құжаттары толық жиналмаған, сондықтан қабылданбады», — деді Б. Жақселекова Сенатта өткен баспасөз мәслихатында тілшілер сұрағына жауап бере отырып, ол сондай-ақ қай партияларды тіркеуге рұқсат берілмегенін айтты.


«Бұл тұрғыда «Алға Қазақстан» мен «Халық дербестігі» партияларының тізімі сәйкес келмеген. Осының негізінде рұқсат берілмеді», — деді вице-министр.