Дүйсенбі, 16 наурыз күні теңге күрт құлдырап кетті. Айырбастау пунктерінде доллар 440-450 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
kurs.kz мәліметінше, Алматының айырбастау пунктерінде доллар 440 теңгеден сатылып жатыр, ал сатып алу бағасы 425 теңгені құраған.
Ал Нұр-Сұлтанның кейбір пунктерінде доллар бағамы 450 теңгеге дейін жетті.
Америкалық валютаның орташа бағамы 424 теңгені құрап отыр.