28 қар, 2024 сағат 10:48

Қазақстанда докторанттар мен магистранттардың шәкіртақысы өседі

Фото: Pexels.com

Бұл туралы Мәжілісте Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек айтты. 

"Жыл сайын докторанттар мен магистранттар үшін шәкіртақы мөлшері 20%-ға артады. 2028-2029 оқу жылына қарай 100%-ға өседі. Мысалы, 2028-2029 оқу жылына докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұл біздің алдағы бес жылға арналған жыл сайынғы жоспарымыз", - деді министр.


Айта кетейік, осы оқу жылына магистранттарға 13 мың грант бөлінді. Тестілеуге 40 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде 43% (16 мың адам) шекті балл жинады.