14 там, 2020 сағат 08:52

Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 11,7 пайызға кеміді

2020 жылдың 7 айында елімізде бөлшек сауда көлемі 11,7 пайызға төмендеп кетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бөлшек сауда көлемі 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 5 608,8 млрд теңгені құрады немесе 2019 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 11,7 пайызға аз. 2020 жылғы қаңтар-шілдеде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (29,3%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,5%), Қарағанды (9,5%) және Шығыс Қазақстан(9,1%) облыстарына келеді», - делінген комитет хабарламасында.