Фото: ашық дереккөз
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, елдегі атом электр станциясының құрылысы кем дегенде 14 миллиард долларға түспек, деп хабарлайды Ult.kz.
"Құны техникалық-экономикалық негіздемеге сүйеніп анықталады. Қазіргі таңда бізде конкурсқа қатысқан вендорлардың ұсынған белгілі бір параметрлері бар.
Алайда бұл ақпараттарды жариялай алмаймыз, себебі олар конкурстық қатысушылармен жасалған құпиялылық келісімдермен қорғалған. Дегенмен, жаһандық тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станциялардың құны шамамен 14 миллиард доллардан басталады", – деді ол журналистерге.
