Фото: ашық дереккөз
АИ-92 маркалы бензиннің бағасы қыста 205 теңге болса, қазір 222 теңгеге жетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Үкімет өкілдері бұл әлі шегі емес дейді – көрші елдерде жанармай қымбат болғандықтан, біздің бензин алыпсатарлар үшін тартымды болып тұр.
Ақпаннан бастап баға нарыққа берілген еді. Нәтижесінде 7 айда бензин 17 теңгеге өсті.
АИ-92 бағасы:
- • Астана, Алматы – 221-222 ₸
- • Қарағанды, Тараз – 219 ₸
Энергетика министрлігі күзде бензин тапшылығы болуы мүмкін екенін де айтып отыр.
