Фото: Sm1.kz
Туризм және спорт министрлігі бірқатар олимпиадалық спорт түрлері бойынша балалардың жарыстарға қатыса алатын ең төменгі жас мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Ult.kz.
Жаңа ереже 1 тамыздан бастап қолданысқа енеді.
Мысалы:
-
Велоспорт – 13 жастан
-
Ат спорты, нысана көздеу – 12 жастан
-
Еркін күрес, академиялық есу – 10 жастан
-
Футбол, хоккей, баскетбол – 8 жастан
-
Жүзу, сноуборд, үстел теннисі – 7 жастан
-
Құзға өрмелеу, бадминтон – 6 жастан
-
Спорттық гимнастика, батут – 5 жастан
Толық тізімді министрліктің сайтынан көруге болады. Бұл шешім жасөспірімдердің денсаулығын қорғау және жүктемені реттеу мақсатында қабылданды.
