Фото: Zakon.kz
Тамыз айынан бері Қазақстанда азық-түлік бағасының өсу қарқыны айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Егер екінші тоқсанда азық-түлік инфляциясы азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтерден 4,6 пайыздық пунктке жоғары болса, қазір бұл айырмашылық 2,9 пунктке дейін қысқарды. Тек тамыз айында азық-түлік инфляциясы 0,5% болып, бұл азық-түлікке жатпайтын тауарлардан екі есе, ал қызметтерден үш есе төмен көрсеткіш болды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері олардың баға индексі 108%-ға жеткенімен, тамыз айында өзгермеді, ал қыркүйектің үш аптасында небәрі 0,2%-ға өсті.
Көкөніс арзандады:
-
картоп – 300 теңгеден 184 теңгеге,
-
сәбіз – 295 теңгеден 193 теңгеге,
-
пияз – 222 теңгеден 137 теңгеге дейін төмендеді.
Басқа тауарлар бағасы да салыстырмалы түрде тұрақты. Сүт өнімдері жыл басынан бері 5,3%-ға ғана қымбаттаса, қарақұмық 8,9%-ға өсті. Ал рожки, ұн және күріш былтырғыдан арзан.
Сиыр еті – негізгі фактор
Азық-түлік инфляциясына ең көп әсер еткен өнім – сиыр етінің жауырын-кеуде бөлігі. Бұл тауар халық тұтыну қоржынында маңызды орын алып, жалпы инфляцияға шамамен 2 пайыздық пункттік ықпал етті. Жыл басынан бері ет бағасы 25%-ға жуық, ал сиыр етінің осы бөлігі 23,6%-ға қымбаттады.
2023 жылдың желтоқсанында оның орташа бағасы 2 506 теңге болса, 2024 жылғы қыркүйекте – 2 549 теңге, ал желтоқсанда – 2 572 теңге болды. Яғни жыл бойы баға тұрақты деңгейде сақталды, кей кездері өзіндік құнынан да төмен сатылған.
Аймақтық салыстыру:
-
Қазақстан – 4 715 теңге
-
Ресей – 10 180 теңге
-
Өзбекстан – 5 227 теңге
-
Армения – 5 112 теңге
-
Тәжікстан – 6 070 теңге
-
Беларусь – 4 480 теңге
Осылайша, Қазақстандағы сиыр еті бағасы өңірдегі ең қолжетімді деңгейлердің бірінде қалып отыр.
