Фото: ҚР ЭМ
Энергетика министрлігі EnergyTech платформасы аясында әуе электр беру желілерінің (ЭБЖ) ақау анықтау жүйесін енгізуде, деп хабарлайды Ult.kz.
Жаңа сервис ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) мен жасанды интеллект технологияларын қолданып, желілік инфрақұрылымдағы ақауларды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Жүйенің негізгі функциялары:
-
бейнематериалдар, фотосуреттер, термобейнелеу және LiDAR деректерін талдау арқылы ақауларды анықтау;
-
нысандарды ақаулармен қоса цифрлық тіркеуден өткізу;
-
машиналық оқыту негізінде техникалық жағдайды 98%-ға дейінгі дәлдікпен бағалау;
-
эталондық мәліметтер қоры мен визуалды ақпарат орталығын қалыптастыру;
-
ақауларды техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйелеріне автоматты бағыттау.
Жоба электр энергиясын жеткізу мен тарату желілеріндегі апат санын азайтып, проактивті диагностика мен цифрлық бақылауға жол ашады.
Энергетика министрлігі бұл бастама энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба міндеттеріне толық сай екенін атап өтті. Министрліктің жоспарына сәйкес, саладағы негізгі үдерістер ауқымды түрде цифрландырылмақ.
