15 мамырда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік ата-аналарды жалпыұлттық жиналысқа қатысуға шақырды.
«ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ата-аналар балалары оқитын мектепке барып үлгеруі үшін жұмыс берушілерден осы күні қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды», делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы үйінде оқушылар бар және қазіргі мектептерді ойлайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болу керек.
Жалпыұлттық жиналыс күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарға мардымды жауап алу мүмкіндігіне ие болады.