30 мау, 2025 сағат 19:22

Қазақстанда Антикор таратылып, ҰҚК құрамына қосылды

Фото: Sputnik.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына қосылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Енді ҰҚК құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмыс істейді. Бұл шешім мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, оның тиімділігін арттыру мақсатында қабылданған.