29 қыр, 2020 сағат 14:37

Қазақстанда алғаш рет көмірсутек шикізаты бойынша электронды аукцион өтеді

Қазақстанда алғаш рет көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электронды аукцион өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион электронды аукциондар операторының сайтында өткізіледі. 

«Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион 2020 жылғы 23 желтоқсанында болады. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Аукцион арқылы 10 учаскені сату жоспарлануда», - деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Аукционға өтінімді 29 қарашаны қоса алған мерзімге дейін электрондық аукциондар операторының сайтында аукционға қойылған учаскелер бойынша беруге болады.