Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстандағы Волонтер жылы деп жариялады.
Тиісті жарлық Ақорда сайтында шықты.
"Волонтерлікті дамыту мақсатында 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын. Үкімет Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын", - деп жазылған құжатта.
Жарлықтың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелді.
Еске сала кетсек, 2020 жылды волонтер жылы деп жариялауды Қазақстандағы ұлттық волонтерлер желісінің төрағасы Вера Ким ұсынған болатын. Ұсыныс 2019 жылдың мамыр айында Қостанай қаласында өткен Қазақстан-Ресей жастары форумында айтылды. Мемлекет басшысы идеяны қолдады.