1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және жалақының ең төменгі мөлшері (ЖТМ) өзгерді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
ҚР "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан келесідей өзгерістер енгізіледі.
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) жәрдем ақы және әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ айыппұлдар, салық және басқа да төлемдер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес - 2 405 теңге;
- жалақының ең төменгі мөлшері ЖТМ - 28 284 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 15 274 тенге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 33 745 тенге;
- базалық әлеуметтік төлем үшін ең төменгі күнкөріс минимумы - 28 284 теңге.