Фото: ашық дереккөз
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Ult.kz.
Шетел жұмыс күшін тарту мынадай санаттар бойынша жүзеге асады:
-
1-санат (басшылар мен орынбасарлары) – 562 адам,
-
2-санат (бөлім басшылары) – 2 340 адам,
-
3-санат (мамандар) – 4 060 адам,
-
4-санат (білікті жұмысшылар) – 1 167 адам.
Сонымен қатар: -
Маусымдық жұмыстарға – 2 874 адам,
-
Корпоративтік ауыстыру аясында – 3 817 адам тартылған.
Қазіргі таңда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 882 жұмыс беруші тіркелген. Оларда 352 мыңнан астам қазақстандық еңбек етеді, бұл – жалпы жұмысшылардың 96%-ы.
Сала бойынша көш бастағандар:
-
Құрылыс – 5 160 адам,
-
Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 902 адам,
-
Тау-кен өндірісі – 1 347 адам,
-
Өңдеу өнеркәсібі – 1 178 адам.
Шетелден келушілердің басым бөлігі:
-
Қытай – 5 463 адам,
-
Өзбекстан – 2 477 адам,
-
Үндістан – 1 097 адам,
-
Түркия – 1 071 адам.
Министрлік 2025 жылға республикаға шетел мамандарын тартуға арналған квотаны 0,2% немесе 14,8 мың бірлік мөлшерінде бекіткен. Алайда, наурыз айынан бастап өңірлердің сұранысына сәйкес бұл сан 16,5 мыңға дейін ұлғайтылған.
Министрлік ішкі еңбек нарығын қорғау шараларының тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.
