Фото: Үкімет
Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау саласындағы қазіргі ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның айтуынша, елімізде 103-тен астам түрлі пайдалы қазба және 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған. Сонымен қатар 2,9 мыңнан астам лицензия және қатты пайдалы қазбалар бойынша 250-ге жуық келісімшарт қолданыста.
«Геологиялық барлау нәтижесінде алғаш рет бес кен орны — Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр мемлекеттік есепке алынды. Осы арқылы қор көлемі 98 тонна алтынға, 36 мың тонна мысқа, 11 миллион тонна марганецке және 1,3 миллион тонна фосфоритке артты», — деді вице-министр.
