Фото: pexels.com
Baq.kz мәліметінше, 1 қазаннан бастап жаңа тариф енгізіледі. Мәселен "Тальго" пойыздарының бағасы шамамен 19 493 теңгеге жетеді.
Ал стандарт пойыздардағы купе құны 19 653 теңге, плацкарт – 12 871 теңгеге жетуі мүмкін. Қала маңына қатынайтын пойыз билеттері 6314 теңге мөлшерінде сатылады.
Сондықтан ауа баптағышы жоқ вагондардың билеттеріне ұлттық тасымалдаушы 20%-ға дейін жеңілдіктер ұсынылып отыр екен.
Көлік министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде 14 теміржол тасымалдаушылары жұмыс істейді және пойыздар 140 бағыт бойынша қатынайды. Олардың 62-інде тариф қымбаттайды деп отыр.
"Бұл пойыздарымызда көрсетілетін сапаны жақсарту үшін жасалады. Сондай-ақ теміржолшылардың жалақасын көтерілу де жоспарланып отыр. Қазір елімізде 2667 вагондар барлық осы бағыттар бойынша қатынайды. Олардың тоз1у деңгейі 44%-ға жеткен", - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.