21 қыр, 2025 сағат 13:16

Қазақстан XXI ғасырда грек-рим күресінен алғашқы алтын жеңіп алды


Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі


Қазақстандық грек-рим күресшісі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.


60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық балуан өзбекстандық Әлішер Ғаниевті айқаста жеңді.


Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін де екі мәрте (2018, 2022) әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.