- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы және президенті болып Алпысбаев Қанат Қалиұлы тағайындалды.
Алпысбаев Қанат Қалиұлы 1972 жылы 31 наурызда, Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келді. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, Кентукки университетін (АҚШ), Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебін бітірді.
Магистр ғылыми дәрежесі бар.
1994-2002 жылдар аралығында Целинная темір жолдарының кәсіпорындарында, «Қазақстан темір жолы» РМК, түрлі саладағы акционерлік қоғамдарда жұмыс атқарды. 2002-2003 жылдар «Эйр Астана» ЖАҚ қаржы және басқару жөніндегі директоры, қаржы және, ақпараттық технологиялар жөніндегі Вице-президенті. 2005 жылдың қараша айынан 2008 жылдың маусым айына дейін «Дженерал Электрик» корпорациясының бизнесті дамыту жөніндегі филиал директоры болып жұмыс істеді. 2008-2013 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы және экономика жөніндегі Вице - президенті. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика Вице-президенті. 2014 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың сәуіріне дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Вице-президенті. 2016 жылдың 29 сәуірінен бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ операциялық қызметін үйлестіру бойынша Вице - президент болып қызмет етті.