Қазақстан отандық өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде шара қабылдап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ресей Федерациясынан бензин, дизель және авиациялық отынды Қазақстанның ішкі нарығына әкелуге уақытша тыйым салынады», - деп мәлім етті Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауарлар номенклатурасы кодтарының 2709, 2710, 2902, 3403, 3811 топтарына жататын тауарларды автокөлік құралымен ел аумағынан әкетуге тыйым салуды алып тастамақ.