Қазақстандық паралимпиадашылар Чехияда өткен ашық турнирден 18 медаль иеленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ұлттық паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Чехияда пара жеңіл атлетикадан халықаралық ашық турнир аяқталды.
Жарысқа 8 елдің үздік атлеттері қатысты.
Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, жүгіру қашықтықтары тәртіптері бойынша 9 спортшы қатысып, 18 медаль жеңіп алды.
Ұлттық құраманың қоржынында 5 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль бар.
Алтын:
1. Мұқашбеков Дастан – ядро лақтыру
2. Мұқашбеков Дастан – диск лақтыру
3. Жоламан Еламан – найза лақтыру
4. Калкаев Аманат –100 метр қашықтыққа жүгіру
5. Хабибулин Руфат – найза лақтыру
Күміс:
1. Жоламан Еламан – диск лақтыру
2. Калкаев Аманат - 200 метр қашықтыққа жүгіру
3. Макшат Меийржан - 800 метр қашықтыққа жүгіру
4. Харламов Сергей – ұзындыққа секіру
5. Хабибулин Руфат - 100 метр қашықтыққа жүгіру
6. Хабибулин Руфат - 200 метр қашықтыққа жүгіру
Қола:
1. Жоламан Еламан – ядро лақтыру
2. Бакберген Калганат – найза лақтыру
3. Калкаев Аманат – ұзындыққа секіру
4. Харламов Сергей - 100 метр қашықтыққа жүгіру
5. Харламов Сергей - 200 метр қашықтыққа жүгіру
6. Мансурбаев Равиль – ядро лактыру
7. Макшат Мейиржан - 400 метр қашықтыққа жүгіру
«Ұлттық құрама командамыз жарысқа жақсы дайындалып келді. Сегіз мемлекеттің үздік спортшыларынын арасында өнер көрсетіп, 18 медальді қанжығаға байладық. Қалқаев Аманат, Жоламан Еламан, Дастан Мұқашбеков атты спортшыларымыз әр түрлі тәртіптер бойынша жүлделі орынға ие болды. Өздеріңіз білетіндей биыл 24 тамыз - 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы паралимпиадалық ойындары өтеді. Қазақстан тарапынан 23 пара спортшы қатысады, оның ішінде Мукашбеков Дастан мен Әбілқасымқызы Салтанат пара атлетикадан өнер көрсетеді. Осы ойындарда Қазақстандық спортшылар еліміздің намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болады деп сенемін», - деді пара жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың жаттықтырушысы Елена Морон.