2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,8 млрд долларды құрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР ҰЭМ Статистика комитеті мен ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми деректеріне сәйкес, тауар айналымындағы экспорт үлесі 2 млрд, импорт 771,2 млн долларды болды. Бұл ретте екі елдің арасындағы тауар айналымы 2018 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға немесе 42,2 млн долларға төмендеп отыр. 1 жыл ішінде экспорт көлемі 20,9 пайызға немесе 341,9 млн долларға, ал импорт 33,2 пайызға немесе 384,1 млн долларға құлдыраған. Дегемен сауда сальдосы оң әрі 1,2 млрд долларды құрайды. Өткен жылы Өзбекстан Қазақстанның сауда серіктестері арасында 9-орынға тұрақтады.
2019 жылдың 12 айында Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 20,9 пайызға артып, 2 млрд доллар болды. Оның ішінде шикізаттық емес тауарлар экспорты 82,6 пайызды құрайды. Аталған кезеңде Өзбекстан қазақстандық тауарларды тұтынушылардың арасында 10-орында тұр. Өзбек еліне Қазақстаннан негізінен астық, кен мен мыс концентраты, өңделмеген алюминий, қоспасыз болат жартылай дайын өнімдері, ұн экспортталады.
Ал Өзбекстаннан Қазақстанға өткен жылыдың 12 айында импорт көлемі 33,2 пайызға төмендеп, 771,2 млн доллар болды. Қазақстанға тауарлар жеткізушілердің арасында Өзбекстан 8-орында тұр. Бұл елден Қазақстанға табиғи газ, шабдалы, шие, этилен полимерлері, өрік, қара өрік, жүзім сынды өнімдер жеткізіледі.