12 сәуірде ОПЕК+ мұнай өндіруші елдер министрлерінің кезектен тыс отырысы болып өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Видеоконференция барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстанның бұрынғысынша сындарлы диалогты, сонымен қатар әлемдік нарықта орын алған қиын жағдайды ескере отырып, өз тарапынан мұнай өндіру көлемін ұжымдық қысқарту бойынша шешімді қолдайтындығын атап өтті.
«ОПЕК+ мүше және мүше емес мемлекеттердің министрлер вебинары нәтижесінде мұнай өндіру көлемін 1 мамырдан бастап, екі айға тәулігіне 9,7 млн баррельге қысқарту жөнінде келісімге қол қойылды», - деп хабарлайды министрліктен.
Қазақстан өз кезегінде келісімге қатысты консенсусты қолдады.