Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда үндістандықтар Шрирамбалай Нараянасвами - Дивиж Шаранмен кездесті.п
Қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Недовесов пен Молчанов 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 2 эйспен шектелді.
Недовесов пен Молчановтың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.