Елордада өтiп жатқан Қазақстан мен Ресей өңiраралық ынтымақтастық форумы аясында ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев пен Ресейдің экономикалық даму министрi Алексей Улюкаев кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" baq.kz порталына сілтеме жасап.
«Ресей – бiздiң iрi сауда серiктестiгiмiз. Ресей экономикасының жай-күйі Қазақстанның iшкi ахуалына үлкен әсер етедi. ЕАЭО аясында қарастырылатын маңызды құжаттардың бiрi – Кеден кодексі, оның шеңберiнде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үшiншi елдермен өзара саудасында іске асатын процедураларды жеңiлдету керек», - дедi Қ.Бишiмбаев.
Ұлттық экономика министрi көршi елдер арасында сауда айналымы төмендегендiктен, 2016-2017 жылдарға арналған өзара сауданы кеңейтуге бағытталған шаралар тiзбесiнiң жобасы дайындалғанын мәлiмдедi. Бiрлескен iс-шаралар аясында экономиканың түрлi салаларында 4 млрд доллардың 27 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бұл шаралар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымын орта мерзiмдi перспективада 5-тен 11 пайызға дейiн ұлғайтуға мүмкiндiк бермек.
Ал Ресей экономикалық даму министрiнің айтуынша, қазiргi таңда қос ел арасындағы сауда айналымы көңіл көншітпейді.
«Бұл екi елдiң проблемасы ғана емес, бүкiл әлемдiк саудада осындай жағдай қалыптасқан. ЭДЫҰ дүниежүзiлiк сауданың рекордтық төмен көрсеткiшiн белгiледі. Биыл әлемдiк сауда шамамен 1,7 пайызға жетсе, әлемдiк экономикалық өсiм 3 пайызға жуықтады. Мұндай жағдай екiншi жыл қатарынан қалыптастып отыр, бұрын әлемдiк сауда мен экономикалық өсiм көрсеткiшi керiсiнше болған. ЕАЭО аясында келiсiп, әрекет еткен жөн. Кеден кодексі деген маңызды, қарым-қатынасты жеңiлдету үшiн кеден органдары арасында ақпараттық алмасуды ұйымдастыру керек. Кедергiлердi алып тастап, инфрақұрылымды жақсартып, электрондық жүйенi дамыту қажет», - дедi А.Улуюкаев.