Фото: ЖИ министрлігі
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрлігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Құжат ІТ және жасанды интеллект саласындағы серіктестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және екі елдің цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған.
Меморандум аясында тараптар инновациялық шешімдерді енгізу, цифрлық қызметтер сапасын арттыру, технологиялық стартаптарды қолдау және ІТ саласындағы қауіпсіз әрі тиімді инфрақұрылымды дамыту мәселелерін бірлесіп жүзеге асырады.
Бұл келісім Орталық Азия елдерінде цифрлық технологияларды енгізу бағытында жаңа мүмкіндіктер ашып, стратегиялық серіктестікті тереңдетуге жол ашады.
