10 ақп, 2022 сағат 19:30

Қазақстан құрамасының ойыншысы екі жылға футболдан шеттетілді


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Тобыл» командасының жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин екі жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде ФИФА тәртіптік комитеті шығарған шешім «Тобыл» футбол клубына келіп түсті. 

Онда Руслан Валиуллинді 24 айға футболдан шеттету туралы ресми хат берілген.

Ресми хатта ойыншыға жиырма төрт (24) ай мерзімге санкциялар қолданылғаны айтылған. 

Футболға байланысты кез келген қызметтен шеттету 2021 жылдың 10 қыркүйегінен 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін күшінде болады. 

Айта кетсек, ол «Тобылдың» Конференция лигасында Словакияның «Жилина» командасына қарсы өткізген кездесуінде тапсырған допинг-тестінде оң нәтиже көрсеткен болатын. 

Бұл жөнінде қостанайлық футболшыға 2021 жылдың 2 қыркүйегінде хабарланды.