©ХК "Металлург"
Қазақстан "Металлург" құрамасының қорғаушысы Алексей Маклюков Гагарин кубогында "Авангардқа" қарсы ойында ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Матчтың үшінші кезеңіндегі 47-минутта Омбы клубының шабуылшысы Арсений Грицюктің соққысынан кейін шайба Маклюковтың басына тиді.
Маклюков матчты жалғастыра алмады, кезекші жедел жәрдем дәрігерлері оны зембілмен алып кетті.
Бұл серияның соңғы матчы болды. Осы ойынға дейін қарсыластар үш мәрте жеңіске жетті. Нәтижесінде "Металлург" құрамасы трофейдің қазіргі иесін 4:0 есебімен жеңді.
Кейін құраманың бас бапкері Илья Воробьев басына шайба тиген Алексей Маклюковтың жағдайы туралы айтты.
"Маклюковтың жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ауруханада жатыр, тиісті шаралар қабылданып жатыр. Леша денсаулық тілеймін және адалдығың үшін көп рақмет", - деді Воробьев.
Хоккей журналисі Дмитрий Ерыкалов өзінің Telegram арнасында Маклюковтың ауруханаға жеткізілгені туралы жазды.
803 рет оқылды