Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында қанша пайда тапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Бұл турнирге қатысқаны үшін Қазақстан С дивизионындағы басқа құрамалар сияқты нақты 1,125 миллион еуро сыйақы алды.
Ал С дивизионында жеңіске жеткені үшін жоғары сомма екі еселенді. Яғни, жалпы сыйақы 2,25 миллион еуро болды.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында бірінші орын алып, В тобына жолдама алды. Осылайша, біздің құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатына таласуға мүмкіндік алды.