12 қыр, 2024 сағат 17:17

Қазақстан құрамасы ордо сайысын жеңіспен бастады


Фото: WNG2024 telegram
Қазақстан құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз ұлттық ойыны ордо сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Сайыстың топтық кезеңіндегі кездесулеріндегі Б тобындағы алғашқы ойында Қазақстан асықшылары Чехия құрамасын 64+хан:4 есебімен айқын басымдылықпен жеңді. Келесі қарсыласы – Моңғолия құрамасы.

Егер Қазақстан құрамасы Моңғолияны да жеңсе, 13 қыркүйек күні «Алау» мұз айдынында өтетін финалдық кезеңге қатысуға жолдама алады.