Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын жеңіспен бастады.
Шайбалы хоккейден ІІ дивизиондағы әлем біріншілігіне қатысып жатқан Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. А тобына түскен хоккейшілеріміз Мексика құрамасына қарсы ойнап, 4:2 есебімен басым түсті. Қазақстан құрамы сапында Дария Молдабай, Әшімова, және М.Саяхатқызы көзге түсіп, Молдабай матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 13 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы бүгін екінші кездесуін қытайлық Тайбейге қарсы өткізеді.