25 шіл, 2021 сағат 00:34

Қазақстан кубогы: «Қайрат» қатарынан екінші мәрте жеңілді


Бүгін футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің үшінші турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алғашқы ойын күнінде бірінші кездесу Петропавлда жергілікті «Қызылжар» мен Шымкенттің «Ордабасы» клубтары арасында өтті. Алдымен шымкенттік Сұлтанбек Астанов 17-минутта есеп ашса, оған петропавлдық Дарко Зорич 43-минутта бір голмен жауап қайырды. Кездесуде 1:1 есебі тіркелді. 

Алматының «Қайраты» кубок ойындарын сүреңсіз өткізіп келеді. Олар бүгінгі ойында өз алаңында Түркістанның «Тұранына» 0:1 есебімен жол берді. Жалғыз гол 68-минутта Чисом Нкобидің еншісіне жазылды. Айта кетейік, бұдан бұрын алматылық клуб Ақтаудың «Каспийіне» 0:2 есебімен жеңіліп қалған еді. 

Ал «Тараз» сырт алаңда «Атырауды» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Алаң иелерінен 30-минутта Жиан Мартинс есеп ашты. Одан тараздық футболшылар қатарынан Дінмұхамед Қараман 43, Бауыржан Байтана 59-минуттарда қос гол соғып кетті. 

Қызылорданың «Қайсары» сырт алаңда «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңді. Алдымен қызылордалық клубтан Егор Потапов 69, Стефан Денкович 84-минуттарда гол соқса, 95-минутта ақтөбелік Юрий Логвиненко есеп айырмасын қысқартты. 

Енді 25 шілдеде «Шахтер» (Қарағанды) мен БЖМОРСМ (Нұр-Сұлтан), «Атырау» мен «Тараз», «Каспий» (Ақтау) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақжайық» (Орал) кездессе, «Тобыл» (Қостанай) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) үшінші турды түйіндейді.