02 қаз, 2023 сағат 11:31

Қазақстан қоржынына Азиаданың төртінші алтыны түсті

© Photo: Туризм және спорт министрлігі

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының мүшелері байдарка мен коноэде ескек есуден алтын алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ерлер арасындағы жұптық жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Оларға жеңіс сыйлаған уақыт - 1:49.01.

Біздің ескекшілер Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті.

Осылайша, Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті.

"Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздерді мақтан тұтады!"- деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.