16 шіл, 2024 сағат 12:33

Қазақстан елтаңбасын өзгерту мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды

Сурет: Dalanews.kz

Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасын өзгерту мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының атқарушы директоры Руслан Хамзаға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл мәселе ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің күн тәртібінен де шығарылған.

Сәуір айының басында Қаржы министрі Мәди Такиев су тасқынына байланысты ҚР Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру туралы шешімді кейінге қалдыру керек деген пікір білдірді. Сондай-ақ, қаржы министрлігі 2024 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа ҚР Мемлекеттік Елтаңбасын жасауға қосымша шығындар туралы мәлімдеме жасамағанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Қазақстанның ҚР Мемлекеттік Елтаңбасын өзгертуді ұсынды, өйткені «онда эклектика мен кеңес дәуірінің белгілері бар».

Ал 26 сәуірде Қазақстанда ҚР Мемлекеттік Елтаңбаны өзгерту мәселесі бойынша сарапшылар пулы құрылатыны хабарланды.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен 56% педагог қызметкерлері  ҚР Мемлекеттік Елтаңбаны өзгертпеуге жауап берілді.
Биылғы жылдың сәуір, мамыр, маусым айларында сауалнамаға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында білім саласындағы педагог қызметкерлері арасында жүргізілді. 

«Жаңа адамдар» қоғамдық бірлестіктің мүшесі «Елтаңбаның қандай екенін білмесе, демек Елтаңбаның жеткізгісі келген ойын мүлдем түсінбейді деген сөз, яғни мемлекеттік рәміз ретінде ол мемлекеттің бағдарын, алдағы мақсаттарын белгілеуі керек. Ал ондай құндылықтарды халқымыз түсінбесе және сезінбесе, демек Елтаңба өзінің басты функциясын орындап тұрған жоқ деген сөз», - дейді Алмат Қуаныш. 


Наурыз айының аяғында «Хабар» арнасының «Талқы» бағдарламасында  көрермендер арасында сауалнама жүргізіп «Елтаңба ұнай ма?» деп сұралды. Нәтижесінде 70% «ұнайды», 9% «өзгерту керек», 8% «мүлдем ұнамайды», 13% «ол туралы ойланбадым» деп жауап берген. 

Ал əлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі қазіргі қолданыста жүрген ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның Кеңес өкіметі кезінде қолданыста болған «Гербке» ұқсайтынын алға тартып, өзгеріске оң көзқарас танытуда. Соның ішінде, жас дизайнерлер қазіргі Елтаңбаны КСРО Гербінің мұрагері санап, Елтаңбаның төбе тұсындағы «жұлдызды», шуақ тəрізді «уықтарды» өзгерту керек деген ұсыныс білдірген.

Біздің Мемлекеттік Елтаңбадағы «шаңырақ» – ұлтымыздың шаңырағы. Осы шаңырақтың астында көптеген ұлт пен ұлыстар өмір сүріп жатыр.

Отанға сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм – тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы-деңгейді сипаттайтын аса маңызды рухани игілік. 

Ол адамның отан игілігі үшін қызмет етуінен қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыққа шалуға дейін баруынан көрінеді.

Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне – өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз. Бұл – Қазақстанның шынайы патриоттарының басты ісі. Сондай-ақ, «Қазақстандық патриотизмді» еліміздің әрбір азаматының санасына сіңіру – кезек күттірмейтін мәселе. Өз отанының патриоты болу – Қазақстанды жүрегіңе ұялату. 

Тек отансүйгіштік – көпұлтты Қазақстанның тұтастық пен татулық сақтаудағы басты құралы. Сонымен қатар жоғары толмаған жаһандануға тұрар жалғыз күш болмақ.