Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әзербайжандық қарсыласын ұта алмады. Мамадәлі Мехдиевпен өткен кездесу қосымша уақытқа (голден скор) дейін созылды. Қосымша уақытта отандасымыздың қарсыласы әдіс жасап, «вазари» ұпайымен Ислам Бозбаевты ұтты.
Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов салған болатын.
30 жастағы Ислам Бозаев Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысып, 1/8 финалда жеңілген. 2011 және 2017 жылдары Азия чемпионатында күміс медаль иеленген. Еншісінде Азия чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлделері бар.