Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің кездесуі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрлан Ноғаев атап өткендей, бұл келісім әлемдік мұнай индустриясына оң әсер етіп, қоймада тауардың іркілуі болмағанын, ол өз кезегінде мұнайдың әлемдік бағасының өсуіне серпін бергенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар мұнай өндіру көлемін тәулігіне 9,7 млн баррель деңгейінде қысқартуды шілде айының соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.