Фото: ашық дереккөз
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қарағанды, Ұлытау, ШҚО, Алматы облысы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалаларында қар жауып, боран соғады.
Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Атырау, Шымкент, ШҚО (оңтүстік), Абай, Қарағанды (жер-жерінде), Ұлытау (солтүстік, шығыс, орталық), Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облысы және Алматы қаласында тұман түседі.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, ШҚО (күндіз), Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл (тауда) және Қызылорда облыстарында көктайғақ болуы мүмкін.
Сондай-ақ бірқатар өңірде жел екпіні 15–20 м/с-ден 28 м/с дейін жетеді.
