28 сәу, 2021 сағат 18:43

Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» сырт алаңда «Каспийден» жеңілді


Бүгін, 28 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің cегізінші турының алғашқы ойыны аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Үздік үштікте келе жатқан Қостанайдың «Тобылы» ойламаған жерден сырт алаңда Ақтаудың «Каспий» клубына 1:2 есебімен есе жіберді. 

Бірінші кезеңде ақтаулық клуб сапынан Давид Караев 31-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін әріптесі Никола Цуцкич 72-минутта есепті үстемелей түсті. Оған 95-минутта «Тобыл» сапынан Оралхан Өміртаев бір голмен жауапп қайырды.

Дәл қазір елордада «Астана» мен Оралдың «Ақжайығы» арасындағы кездесудің бірінші кезеңі өтіп жатыр. Әзірге алаң иелері 1:0 есебімен басым түсуде. 

Сондай-ақ, бүгін «Тараз» бен «Ақтөбе», «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» арасында кездеседі.

Ал 29 сәуірде «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары шеберлік байқасады.