29 қаң, 2018 сағат 14:55

Қазақстан аз ақшамен өмір сүруге болатын 20 мемлекеттің қатарына кірді

Қазақстан 2017 жылдың қорытындысы бойынша аз ақшамен өмір сүруге болатын мемлекеттер тізімінде 19-орында тұр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Numbeo базасы әр мемлекетте қанша ақшамен өмір сүруге болатындығын Нью-Йорктегі күнкөріс деңгейімен салыстыра отырып анықтады. Қазақстанда аталған қаламен салыстырғанда 65,75% аз ақшамен өмір сүруге болады. Ал пәтер жалдау ақысы 88,77% арзан. Азық-түлік бағасы Нью-Йорктегі бағалардың тек 28,06%-ын құрайды. Мұнымен қатар, сатып алу мүмкіндігі бар адамдардың индексі 40,75%-ға жетіп отыр.

Бұл тізімде көрші Ресей 39-орында тұр. Сатып алушылар индексі Америкамен салыстырғанда 51,11%-ды құрап отыр. Ал Беларусь мемлекеті - 18-орында.

Аз ақшамен өмір сүруге болатын мемлекеттердің тізімінде Пәкістан, Мысыр және Украина сынды мемлекеттер көш бастады. Соңғысында сатып алу мүмкіндігі бар адамдардың саны жалпы халықтың 30,24%-ын құрап отыр.

Ең қымбат мемлекеттер болып Бермуд аралдары, Швейцария және Исландия танылды. Аталған рейтингте 115 мемлекет бар.